Текст
11 қараша күні Васильковка негізгі мектебінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай Абай орта мектебі , Гранитный негізгі мектебі, Дөңгілағаш негізгі мектебі және Васильковка негізгі мектептері арасында спорттық турнир өтті. Турнир ұлдар арасында мини-футбол және қыздар арасында пионербол ойындарынан өтті. Турнир нәтижесі бойынша мини-футболдан Дөңгілағаш негізгі мектебі 3 орынды, Абай орта мектебі 2 орынды және Васильковка негізгі мектебі 1 орынды иеленді. Пионербол ойынынан Васильковка негізгі мектебінің командасы 2 орынды, Гранитный негізгі мектебінің командасы 1 орынды иеленді .