«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Васильковка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Kоммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Васильковка отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области" 

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық мереке

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету. Қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.
Бауырмалдыққа, армандай білуге тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Қос тілдік: жаңа жыл - новый год, шырша - елка.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып.
Ақшақар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Әңгімелесу. Жұмбақ жасыру.
«Шанамен зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жаңа жылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету.
- Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді?
- Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?
- Шыршаға нелер іледі?
- Аяз Ата бізге не алып келеді?
Тәрбиешішыршаны жапсыру жолдарын өзі көрсете отырып түсіндіреді.
- Шыршаны жапсыру аса қиыншылық туғызбайды, ол үшін алдымен өзімізге таныс пішіндерден қиып аламыз. Тікбұрыш пішіні қажет. Оларды қиғаннан кейін, шыршаның пішінін келтіріп желімдейді.
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Оқу іс - әрекеті барысында қиналған балаларға бағыт - бағдар беріп отыру.
Өлең оқып беру.
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Рефлексиялық - түзетушілік
Дайын болған шыршаларын бір-біріне көрсетіп, қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа жылдық мереке туралы мағлұматты біледі.
Игереді: Жаңа жылдық, басқа да мерекелік көңіл күйді жеткізетін түстерді таңдай білуді игереді.
Меңгереді: Бір - біріне сүйіспеншілік қарым - қатынаста болу, басқаларға қуаныш сыйлай білу қасиеттері қалыптасады.

Жаңартылған күні: 13.01.2021 11:27
Құрылған күні: 03.03.2021 12:35

Текст